Алматыда зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Almaty.tv
Almaty.tv

Іс-шара қатысушыларды белсенді әрі мазмұнды өмір салтын ұстануға ынталандырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен турнир Наурыз мейрамына орайластырылған, деп хабарлайды Almaty.tv  

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының келушілері арасындағы дода достық атмосферада өтті. Қазыналы қарттарымыз логикалық ойлауды, есте сақтауды, зейінді және стратегиялық жоспарлауды қажет ететін ұлттық спортымыздың бұл түрін жетік меңгергені жарыс барысында айқын көрініс тапты. Әр кездесу тартысқа толы болды. Тоғызқұмалақты енді үйреніп жатқан ата-апаларымыз да жеңіс үшін бар күш-жігерін салды. Мұндай іс-шаралар қатысушыларды белсенді әрі мазмұнды өмір салтын ұстануға ынталандырады.

«Қазақ халқында жақсы сөз бар «құс ұясында не көрсе, ұшқанда соны ілді» деген. Бізде тоғызқұмалаққа балаларымызды үйрету үшін, бірінші үлкендер білуіміз керек. Көшпенділер ойынының құндылығы көп, шахматтан еш кем емес. Есепке, логиканы дамытады», – деді «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Долқұнтай Әлиев.

Оқи отырыңыз:  Көкпар: Қазақстан құрамасы Тәжікстаннан 8:4 есебімен басым түсті

 

 

     

 

 

 

 

Новости партнеров