Анна Данилина әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілді

14.10.2024 11:06

Америкалық Кори Гауфф отандасы Джессика Пегуланы ығыстырып, үздік үштікке енді

elements.envato.com

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жекелей сында Польша өкілі Ига Швентек бұрынғыша көш бастаса, Қытайдағы Ухань WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған белоруссиялық Арина Соболенко екінші орында келеді.

Америкалық Кори Гауфф отандасы Джессика Пегуланы ығыстырып, үздік үштікке енді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 5-орында қалса, Уханьда үшінші айналымға дейін жетіп, А.Соболенкоға есе жіберген Юлия Путинцева 35-тен 32-ге жоғарылады.

Жұптық сында әлемдік рейтингіде Катержина Синякова (Чехия), Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) және Людмила Киченок (Украина) алда тұр.

Уханьда жұптық сында жеңімпаз атанған қазақстандық Анна Данилина 31-ден бірден 22-орынға көтерілді.

Ю.Путинцева 114-тен 111-ге, Жібек Құламбаева 142-ден 139-ға ауысты.

Оқи отырыңыз: Елімізде VIP-нөмірлер қанша тұрады