Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан іріктеу чемпионаты өтеді

t.me/olympickz
t.me/olympickz

Бәсекеге Қазақстанның көшбасшы конькишілері қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

13-15 қазан аралығында Астанада конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыс Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) алдағы әлем кубогы кезеңдерінде ел намысын қорғайтын ересектер және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамаларын жасақтауға арналған іріктеу кезеңі болады.

Бәсекеге Қазақстанның көшбасшы конькишілері қатысады. Олардың қатарында 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан Евгений Кошкин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева және Кристина Силаева бар.

Сонымен қатар былтыр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алған Кристина Шумекова да мұз айдынына шығады. Спортшы жаңа маусымда ересектер санатына ауысты.

Жарыс «Алау» мұз сарайында өтеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жәрдемақы төлеу шарттары бекітілді