Астанадағы әлем чемпионаты: балуан Нұрқожа Қайпанов ширек финалға шықты

31.10.2026 14:17

Ол қарсыласын 4:0 есебімен жеңді

t.me/olympickz

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда Әзірбайжан өкілі Туран Байрамовпен кездесіп, қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрқожа Қайпанов жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков (92 келі) ширек финалға өткен болатын.

Оқи отырыңыз: Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар

Толық көрсету