Төрешілер бір ауыздан Асуды жеңімпаз деп таныды
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Алмабаев бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) кездесті. Ол осы жекпе-жекке дейін UFC жеңіл салмақ рейтингінде 7-ші орында тұрған (Алмабаевтың өзі 14-ші орынға ие болған). Жоспарланған үш раундта да Асу басым болып, нәтижесінде төрешілер бір ауыздан Асуды жеңімпаз деп таныды.
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіпқой мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізсе, Матеус Николау бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, бұл Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі және рекорды 4:0.
Оқи отырыңыз: Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкерімен келісімшарт ұзартылды