Астанада 4 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды

Фото: Алматы облыстық ПД
Фото: Алматы облыстық ПД

Елордада жедел-алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елорда аумағында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге және іздеуде жүрген адамдарды анықтауға бағытталған «Қаңғыбас» атты жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Елорданың полиция департаментінен хабарланғандай, рейд барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 4 қылмыскерді, сондай-ақ құқықбұзушылық жасады деген 6 адамды ұстады.

«Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматтың жүрген жері анықталды. Оның ішінде бір азамат 2020 жылдан бері туыстарымен байланыста болмаған. Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген. 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық», -  делінген ПД хабарламасында.

Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жетінші баласына жүкті әйел көз жұмды

Новости партнеров