Ауыр атлетикадан қазақстандық спортшы әлем чемпионатында сынға түсті

08.11.2026 15:56

Қазақстан атынан Любовь Ковальчук өнер көрсетті

t.me/DRSQazaqstan

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында +86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайыстар өтіп, Қазақстан атынан Любовь Ковальчук өнер көрсетті.

Отандасымыз қос сайыстың қорытындысы бойынша 263 келі нәтижесін көрсетіп, алтыншы орынға тұрақтады.

Әйелдер. А тобы. +86 кг:

  • Ян Ли - 317 кг (147+170);
  • Пак Хе Чон - 286 кг (125+161);
  • Ким Хе Йон - 277 кг (118+159);
  • Любовь Ковальчук - 263 кг (116+147).

Осылайша, Қазақстан құрамасы Нинбодағы әлем чемпионатын бір күміс медальмен аяқтады. Күміс жүлдені 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрғиса Әділетұлы иеленді. Сонымен қатар отандасымыз жұлқа және серпе көтеру жаттығулары бойынша екі кіші күміс медальға қол жеткізді.

Ауыр атлетикадан келесі әлем чемпионаты 2027 жылы Арменияның Ереван қаласында өтеді. Ал 2028 жылғы әлем біріншілігін Астана қаласы қабылдайды.

Оқи отырыңыз: Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар қыз аман-есен табылды

Толық көрсету