Азия чемпионаты: қазақстандық Жәмилә Бақбергенова финалына шықты

Азия чемпионаты: қазақстандық Жәмилә Бақбергенова финалына шықты

Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Амман қаласында (Иордания) өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалда Жәмилә жапониялық Масако Фуруичиден басым түсті. Бақбергенова қарсыласынан бір ұпайға қалып келе жатқан еді. Алайда белдесудің аяқталуына бір секунд қалғанда нәтижелі әдіс жасап, есепті теңестірді.

Басымдық Жәмиләнің жағында болғандықтан, ол финалға өтті. Қарсылас команда "челлендж" сұратқанымен, төрешілер Жәмиләнің әдісін есепке алды.

Осылайша, әйелдер құрамасының көшбасшысы Азия чемпионатының алтын медалі үшін күреседі. Финалдық кезең Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Оқи отырыңыз: Әлем кубогы: Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

Новости партнеров