Азия чемпионатында тағы екі боксшымыз алтын медальға ие болды

11.12.2024 16:58

Жарыс Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатыр

ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстандық Айбек Оралбай бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшы 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының спортшысы Ремула Абудурекситиден 5:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай да бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ешкімге дес бермеді.

"Финалда Тоғамбай тәжікстандық Парвиз Каримовты айқын басымдықпен жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Қазақстандық спортшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 келіге дейін) чемпион атанған еді. Ал Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (57 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (71 келіге дейін) және Диас Молжігітов (75 келіге дейін) күміс медаль иегерлері атанды.

Оқи отырыңыз: Махмұд Сабырхан бокстан Азия чемпионатында алтын медаль алды