Бас аяғы 200 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ
Қытайдың Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында өткізілетін IX қысқы Азия ойындарына Қазақстан атынан 139 спортшы қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекет сноубордты санамағанда барлық жарыс түрінен бақ сынайды. Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев ел құрамасы бірнеше медаль иеленетініне, оның ішінде хоккейден алтын алатынына сенімді. Төрткүл дүние көз тіккен додаға 32 елдің мыңнан аса спортшысы қатысады. Ал бас аяғы 200 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.
Оқи отырыңыз: Төрт құрлық чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы медалды жеңіп алды