Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде қола жүлде еншіледі

11.10.2024 20:55

Дзюдошы қыз германиялық Сара Ишттың жауырынын жерге тигізді

Фото: instagram.com/qaz_team_official

Ұлттық құрама спортшысы Әбиба Әбужақынова (48 кг) Абу-Дабиде басталған дзюдодан Grand Slam турнирінде тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, отандасымыз қола жүлдеге таласта Сара Ишттың (Германия) жауырынын жерге тигізді.

«Бұл Абибаның Grand Slam санатындағы жарыстағы 8-жүлдесі (1 күміс, 7 қола)», - делінген хабарламада.

Отандасымыз бүгін іріктеуде Марина Воробьеваға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде француз дзюдошысын ұтты.

IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингте мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде спорт мектептерінің басшылары бюджет қаржысын құмар ойындарға ұтқызған