Биыл Астанада таеквондодан үш халықаралық турнир өтеді

11.03.2026 17:56

22-23 маусым аралығында Altaic Cup турнирі өз жалауын көтереді

Depositphotos.com

2026 жылы Астанада таеквондодан үш ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

22-23 маусым аралығында Altaic Cup турнирі өз жалауын көтереді.

Одан екі күн өткен соң, 25 маусымда Kazakhstan Open-2026 жарысы басталады. Турнир 27 маусымға дейін жалғасады.

Ал халықаралық жарыс күнтізбесіндегі ең маңызды додалардың бірі - Гран-при финалы. Бұл жарыс 28-29 қараша аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар күшейтілді