Айбек Атажанов самбошылар арасында 79 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті
Алматы полицейі самбодан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.
25-27 қазанда Тәжікстанның Душанбе қаласында самбодан шеберлер арасында өткен әлем чемпионатында Алматы қалалық ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Айбек Атажанов бірінші орын алды. Жарысқа 50 елден өкілдер қатысты. Айбек Атажанов самбошылар арасында 79 келі салмақта жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Ал 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Алматы қаласы ПД ЖҚАЖ ротасының командирі Ербол Байбосынов тамаша нәтиже көрсетіп, екінші орын алды.
Дереккөз: Polisia.kz
Оқи отырыңыз: 2024 жылғы «Алтын доп» иегері анықталды