Енді шаршы алаңға 17 жасқа дейінгі спортшылар шығады
Амманда (Иордания) 15 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпиондары анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Sport+сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан U15 ұлдар командасының еншісінде 4 алтын: 33 келі. Дамир Джаншиликов, 49 келі. Шыңғыс Ахметов, 55 кг Нұрбақыт Төрегелді, +70 келі. Нұрислам Ташмағанбетов, 5 күміс: 37 келі. Жақып Біржан, 40 келі. Қуаныш Халимбет, 58 келі. Жандос Қалқанов, 67 келі. Нұрасыл Хасан, 70 келі. Темірлан Казыев, 1 қола: 64 келі. Мейіржан Шәді.
U15 қыздар командасының нәтижесі төмендегідей:
64 келі. Ақерке Далабай мен 70 келі. Жансая Ержан Азия чемпионы атанды. 8 спортшы күміс жүлдеге ие болды: 33 келі. Айару Оңғарбек, 35 келі. Әнел Ордабек, 40 келі. Томирис Сатыбалды, 46 келі. Медина Абылқасым, 55 келі. Мадина Сапар, 61 келі. Айлин Ходжамбердиева, 67 келі. Зиада Сүйеналы, +70 келі. Перизат Мәлік. Сонымен қатар, қыздардың қоржынында 3 қола медаль бар: 37 келі. Дана Оразбекқызы, 52 келі. Айару Файзуллаева, 58 келі. Ясмин Джаутханова.
Бүгін, 30 сәуірде шаршы алаңға 17 жасқа дейінгі спортшылар шығады.
Оқи отырыңыз: Студенттер лигасы: баскетболдан 27 команда бақ сынауда