Турнирдің финалына 15 қазақстандық шығып, оның төртеуі чемпион атанды
Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Румынияның Браиле қаласында өткен Dracula Open-2025 турнирінде 21 медаль жеңіп алып, жалпы есепте көш бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирдің финалына 15 қазақстандық шығып, оның төртеуі чемпион атанды. Ал 11 спортшы күміс жүлдеге ие болса, алты боксшы қола жүлдеге қол жеткізді.
"Алтын жүлдені Арман Мірсәбит (46 келі), Дулат Азиз (57 келі), Төреғали Сейдуллаев (70 келі) және Әділ Меделхан (80 келі) жеңіп алды" - делінген хабарламада.
Күміс медальға Алмас Жүнісов (46 келі), Асылан Жеңісбаев (48 келі), Едіге Нұрғожа (50 келі), Ұлас Әлімжан (52 келі), Мадияр Әбдікаримов (54 келі), Амар Рамазан (63 келі), Темірлан Ералиев (66 келі), Абылай Талғат (70 келі), Мансұр Амантай (75 келі), Нұрасыл Айтекеев (80 келі) және Еркетаң Жарқынбек (80 келіден жоғары) қол жеткізді.
Ал үздік үштікті Заманхан Амангелді (50 келі), Саят Қаратаев (60 келі), Дарын Тасмұханбетов (63 келі), Таңнұр Сейсенбай (75 келі), Бақдәулет Тәжі (80 келі) және Темірлан Найзабасов (80 келіден жоғары) түйіндеді.
Осылайша, отандастарымыз жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.
Оқи отырыңыз: ALMA CUP 2025: Алматыда баскетболдан студенттер арасындағы турнир өз мәресіне жетті
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!