Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары Алматыға оралды

16.09.2025 09:00

Чемпион қыздарды қарсы алуға алматылық спорт қауымдастығы, туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері келді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

16 қыркүйекте Қазақстанның әйелдер құрамасы Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатынан оралды. Олар түнгі сағат 3:00-де Алматы әуежайына қонды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біздің спортшылар үш алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Чемпион қыздарды қарсы алуға алматылық спорт қауымдастығы, туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері келді. Олар спортшыларды тарихи жетістігімен құттықтап, бүкіл Қазақстан үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті.

Спортшылар жанкүйерлерге және барша елге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл жаңа жеңістердің бастауы ғана екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Астанада әлем чемпиондары Айбек Оралбай мен Санжар Ташкенбайды қарсы алды