"Болашақ ойындары-2026" турнирін 185 млн адам тамашалады

ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Халықаралық турнир әлемнің 50 елінен келген 800 спортшының басын қосты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ербол Мырзабосынов Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары 2026» халықаралық турнирі аясындағы фиджитал-футбол жарысын тамашалап, қазақстандық командаларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Еске салайық, Қазақстанда әлемнің 50 елінен 800 спортшының басын қосқан ірі халықаралық турнир өтіп жатыр.

Жарысқа еліміздің атынан барлық сегіз спорттық бағыт бойынша 11 команда қатысуда.

Жарысты тамашалау барысында министр «Болашақ ойындары 2026» турнирін өткізудің еліміз үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында бұл турнирдің өтуінің мәні ерекше. «Болашақ ойындары» спорт пен заманауи технологияларды біріктіріп, еліміздің инновациялық даму бағытын айқын көрсетеді. Турнирге әлем бойынша қызығушылық артып келеді. Бүгінде трансляцияларды көру саны 185 миллионға жетті.

Жарыстар 16 тілде көрсетіліп, ондаған халықаралық медиасеріктес пен 100-ден астам стример ақпарат таратуда. Бұл турнирге деген халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырушы ел ретіндегі беделін нығайта түседі. Турнирдің өтуіне үлес қосып жатқан спортшылар мен волонтерлерге алғысымды білдіремін. Командаларымызға сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетулерін тілеймін», – деді Ербол Мырзабосынов.

Оқи отырыңыз: Есту қабілеті бұзылғандар енді есту аппаратын оңай ала алады