Болашақ ойындары: Қазақстандық Team KZ командасы чемпионы атанды

10.08.2026 16:40

Финалда отандастарымыз ресейлік LIGA PRO TEAM ұжымымен кездесті

Almaty.tv

Қазақстандық Team KZ командасы Phygital Shooter CS 2 бойынша өткен «Болашақ ойындарының» чемпионы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Финалда отандастарымыз ресейлік LIGA PRO TEAM ұжымымен кездесті. Бәсеке Counter-Strike 2 ойынынан басталып, Dust 2 картасында қазақстандықтар басым түсті. Одан кейін командалар жарыстың физикалық кезеңі лазертагқа көшті. Бұл кезеңде ресейлік команда 6:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепті 1:1-ге теңестірді. Чемпион тағдырын шешкен соңғы, виртуалды кезеңде командалар Nuke картасында кездесті. Шешуші ойында Team KZ қарсыласынан басым түсіп, финалды 2:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Осылайша, қазақстандық команда «Болашақ ойындарының» чемпионы атанып, 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлдеге ие болды.

Оқи отырыңыз: "Болашақ ойындары-2026" турнирін 185 млн адам тамашалады

Толық көрсету