Бостандық ауданында RYH MARATHON спартакиадасының ашылуы өтті

RYH MARATHON
RYH MARATHON

Бүгінгі таңда қалада 100 демалыс орталығы жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Бостандық ауданында жыл сайынғы RYH MARATHON спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, спортты сүйетін жастар мен белсенді өмір салтын ұстанушыларды біріктірген жарқын спорт мерекесіне айналды.

Спорттық іс-шараның ашылуы ауданның демалыс орталықтарында тәрбиеленетін жастардан құралған командалар арасындағы қызықты футбол матчымен басталды. Турнир қатысушылары тек ойын шеберліктерін ғана емес, нағыз командалық рухты да көрсетті. Алдын ала жарияланған жүлде қоры жарысқа қосымша қызуғушылық беріп, командалардың жеңіске деген ұмтылысын арттыра түсті.

Футбол турниріне бес команда қатысты: ZHASTAR, CRUSH, ZHANUKAY, SHALQAR, DMU.

RYH MARATHON спартакиадасы алдағы апталарда қатысушылар мен көрермендерді қуантуды жалғастырады. Демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлерінде өздерін көрсете алады. Әрбір қатысушы физикалық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, бір-бірімен тығыз ынтымақтастық орнатып, жолдастық рухты нығайтуға мүмкіндік алады.

Айта кету керек, Алматыдағы демалыс орталықтары жастарды дамытудың маңызды бағыты болып табылады, олар түрлі үйірмелер мен бағдарламалар арқылы белсенді және пайдалы демалысты ұйымдастыруға арналған. Бүгінгі таңда қалада 100 демалыс орталығы жұмыс істейді, олардың базасында 260-тан астам тегін үйірмелер ашылған. Бұл орталықтарға 14 пен 29 жас аралығындағы 12 мыңнан астам жас қатысады және олардың саны жыл сайын артып келеді.

RYH MARATHON спартакиадасы – бұл жай ғана спорттық жарыс емес, сондай-ақ жастар арасындағы көшбасшылық қасиеттерді дамыту мен спорттық мәдениетті нығайтудың маңызды алаңы. Іс-шара белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етеді, сондай-ақ әлеуметтік байланыстар мен тәрбиенің маңызды бөлігіне айналды.

 

Новости партнеров