XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Барлығы ақ ойындарға 93 мемлекеттен 3000-ға жуық атлет қатысады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV қысқы Олимпия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана уақытымен сағат 23:55-тен бастап бәсекенің тұсаукесер кешін еліміздің 4 телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ұлттық құрамалар шеруінде Мемлекеттік туды Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әмренова (фристайл-могул) ұстап шығады. Атап айтарлығы, ашылу рәсімі 4 локацияда қатар өтеді. Денис Милан қаласында, ал Аяулым шаңғы жарыстары өтетін Ливиньо коммунасындағы рәсімде болады. Салтанатты кештің тақырыбы Armonia (итальян тілінен аударғанда «гармония», «үйлесім») деп аталады.

Сондай-ақ биыл Олимпиада алауы алғаш рет 2 тұста тұтанады. Олар: Миландағы салтанат қақпасы мен Кортина-д’Ампеццодағы Пьяцца Ди-бона алаңы. Барлығы Милан-Кортина Олимпиадасында ел намысын 10 дисциплинада 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) қорғайды.

Барлығы ақ ойындарға 93 мемлекеттен 3000-ға жуық атлет қатысады. Олар 16 бағдарламада 116 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Олимпиада 22 ақпанда мәресіне жетеді.

Оқи отырыңыз: Әскери спортшылар Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

Новости партнеров