Дұғада болыңыздар: Назым Қызайбай жанкүйерлеріне арнап жазба жариялады

08.09.2025 20:45

Бокстан әлем чемпионаты Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр

Фото жеке инстраграмм парақшасынан алынды

Танымал қазақстандық боксшы Назым Қызайбай желіде Ұлыбританиядағы әлем біріншілігі басталғаны туралы жазба жариялап, отандастарынан қолдау көрсетуді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, бокстан әлем чемпионаты Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. 

«Баршаңызға сәлем! Жаттығуымыз жалғасып жатыр, жарыс басталғалы бүгін 4-күн. Ұл-қыздарымыз жұдырықтасып жатыр, әзірге жаман емес деп ойлаймын. Әлем чемпионаттарында осал қарсыластар болмайды. Әр спортшы барын салып, аянбайды. Тек қолдау көрсетіп, дұғада болыңыздар! Әйтпесе білесіздер, үйінде отырып сынайтындар онсыз да жетеді», –  деп жазды Назым Қызайбай.

8 қыркүйектегі әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының атынан жеті боксшы шаршы алаңға шығады.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 300 электрсамокат айыптұраққа қойылды