Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан спортшысы ширек финалға шықты

13.06.2025 20:55

Мағжан Шамшадин бір ұпай айырмашылығымен басым түсті

Аlmaty.tv

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Мағжан Шамшадин Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/4 финалына өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан 60 келіге дейінгі салмақта Бельгия өкілі Йорре Верстратенмен кездесті.

«Нәтижесінде Мағжан бір ұпай айырмашылығымен басым түсіп, келесі кезеңге өтті», - делінген хабарламада.

Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова финалға өткен болатын.

Оқи отырыңыз: Әбиба Әбужақынова алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты