Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті

19.04.2026 09:34

Ұлттық құрама Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді

https://t.me/DRSQazaqstan

Бүгін Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде командалық бәсекелер өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігіі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жартылай финал жолдамасы үшін таласқа түскен Ұлттық құрама жарыс қожайындары – Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

"Команда сапында Есет Қуанов, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Ажар Асхат, Айбол Нысанәлі, Ғалымжан Қырықбай өнер көрсетті", - делінген хабарламада.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Корея – БАӘ жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды