Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар
Қазақстандық дзюдошы Айдар Арапов Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Спортшы 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.
Үшінші орын үшін өткен белдесуде Арапов Қырғызстан өкілі Эрлан Шеровты жеңді.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының дзюдошысы Аруна Жангельдина Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіске жетті.
78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы қола жүлде үшін Тайбэй өкілі Ван Цзесимен белдесті.
Негізгі уақыт ұпайсыз аяқталды. Кейін қарсыласы үшінші ескерту алып, соның нәтижесінде Жангельдина жеңімпаз атанды.
Осылайша, Аруна Жангельдина Қазақстан құрамасына Азия чемпионатындағы бесінші медальді сыйлады.
Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Айдар Арапов (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанған.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті