Дзюдодан екі спортшымыз Grand Slam турнирінің 1/2 финалына өтті

09.05.2026 15:24

Екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі

ijf.org

Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің 1/2 финалына өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі.

Жалғас Қайролла ширек финалда молдовалық Виктор Стерпумен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

Сондай-ақ Досжан Жолжақсынов өз ширек финалында ресейлік Егор Сухопаровты жеңді.

Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.

Оқи отырыңыз: Елена Рыбакинаға Рим турнирінде қарсылас шақ келмеді