Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатында Франциямен кездесті
Франция - Париж олимпиадасының жеңімпазы
Бүгін Әзірбайжан астанасында дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының командалық сайыс (микст) өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан командасы алғашқы кезеңде Париж Олимпиадасының жеңімпазы Франциямен күш сынасты.
Бұл айқаста 1-4 есебімен қарсылас басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Ұлттық құрама сапында Жантілек Нұртілепұлы, Дина Мұханбет, Ерсұлтан Дүйсенхан, Мөлдір Нарынова мен Ермахан Әнуарбеков татамиге шықты.
Осылайша, Қазақстан Бакудегі чемпионатты Шерзод Давлатов (-60 кг) қол жеткізген 1 күміс медальмен аяқтады. Биыл 93 мемлекеттен 622 татами шебері жиналды.
Айта кетейік, келесі жылғы әлем чемпионатын жазда Астана қаласы қабылдайды.
Оқи отырыңыз: Тым ыстық шай мен кофе қандай қауіпті ауру тудыруы мүмкін