Жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты
Бүгін Корея Республикасының Чхунджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогының финалдары аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, еліміздің Ұлттық құрамасы бәсекеде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншіледі.
Жүлдегерлер:
Сонымен қатар А финалында жүлдеге таласқан Бапан Асханбек, 4 адамдық Қазақстан әйелдер командасы (әр адамда бір ескекті), 4 адамдық ерлер құрамасы мен Анастасия Кулинич 4-болып мәреге жетті.
Айта кетейік, жарысқа 15 мемлекеттен 383 спортшы қатысты.
Жалпыкомандалық есепте Гонконг командасы (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) 1-орын алса, Вьетнам мен жарыс қожайыны Корея үштікті түйіндеді.
Қазақстан спортшылары 4-орынға тұрақтады.
Оқи отырыңыз: Шоколадтағы құлпынайды қалай дұрыс таңдау керек