Мельбурндегі жеңіс қазақстандық теннисшіге WTA-ның жаңартылған рейтингінде бірден екі сатыға көтерілуге мүмкіндік берді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі триумфынан кейін Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайы Almaty.tv.
WTA ұсынған соңғы мәліметтерге сәйкес, Рыбакина бұрын бесінші орында болса, енді бірден екі позицияға жоғарылады. Рейтингтің көшбасшысы мәртебесі беларусьтік Арина Соболенкоға тиесілі — ол Мельбурндағы финалда Рыбакинаға жол берген. Екінші орында Польшаның теннисшісі Ига Швёнтек орналасқан.
Бұл нәтиже Елена Рыбакина үшін мансабындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі саналады. Айта кетейік, ол 2023 жылы да әлемдік рейтингтің үшінші сатысына көтерілген, алайда бұл жолғы жетістік оның әлемнің үздік теннисшілері қатарындағы орнын айқын нығайтты.
Еске сала кетейік, Australian Open турниріндегі жеңіс тарихи оқиғаға айналды: Елена Рыбакина Қазақстан атынан осы Үлкен дулыға турнирін жеңіп алған алғашқы теннисші болды. Финалдан кейін спортшы Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, ал айтулы жеңісімен оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина мансабында үзіліс жасамақ