Матч барысында спортшы 12 эйс жасады
Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы (US Open) кезекті жеңісіне қол жеткізіп, турнирдің төртінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина үшінші айналымда украиналық Юлия Стародубцеваны жеңді. Кездесу 1 сағат 53 минутқа созылып, 7:6 (8:6), 6:3 есебімен Рыбакина пайдасына аяқталды.
Матч барысында Рыбакина 12 эйс жасап, бір рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол 13 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Бірінші сет тартысты өтіп, тай-брейкте Рыбакинаның пайдасына шешілді - 7:6 (8:6). Екінші партияда қазақстандық спортшы қарсыласының шығарған екі добын сәтті қабылдап, геймді өз еншісіне жазды. Есеп 6:3.
Осылайша Елена Рыбакина US Open турнирінің 1/8 финалына шықты. Оның келесі қарсыласы әлемдік рейтингте 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осака. Осака үшінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенсті 6:1, 3:6, 7:5 есебімен жеңді.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр