Ербол Сыпатаевты еске алу турнирінде балуандар бақ сынады

04.12.2025 16:42

Қазақ күресі бойынша өткен сайыста спортшылар 8 салмақ дәрежесінде белдесті

Алматылық студенттер Желтоқсан оқиғасында ерлігімен ел есінде қалған Ербол Сыпатаевты еске алу турнирінде бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Додаға қатысуға 150 жас ниет білдірген. Қазақ күресі бойынша өткен сайыста спортшылар 8 салмақ дәрежесінде белдесті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл жарыс қазақ күресін насихаттап қана қоймай, жастарға Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жеткізіп, патриоттық рухты күшейтуге сеп болды. Тартысты турнирде жүзден жүйрік шыққандар құнды сыйлық иеленіп, қатысушыларға алғыс хат табысталды.

«Турнирдің маңызы өте зор. Бұл – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында өтіп жатқан іс-шаралардың бірі. Алматы қаласының әкімшілігіне және де осы іс-шараның басында жүрген азаматтарға алғысым зор және еңбек жемісті болсын!» – деді Е. Сыпатаевтың ағасы Ержан Сыпатаев.

Оқи отырыңыз: Жәнібектің допинг қабылдамағанына сенімдіміз - Туризм және спорт вице-министрі