Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

IJF
IJF

Әлем біріншілігіне 59 елден 457 жас татами шебері қатысып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туризм және спорт министрлігінен хабарлағандай, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда Канада спортшысы Роман Семирозумды жеңді.

Сондай-ақ, ол финалға дейін Алжир, Түркия, Украина, Жапония дзюдошыларын жарыс жолынан шығарды.

Сонымен қатар ел қоржынына Әділжан Нұрбекен (-50 кг) мен Адия Жанахмет (-40 кг) - күміс, Бекарыс Құдайберген (-50 кг) мен Ахмет Баубек (-60 кг) қола жүлдені салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде көш бастады.

23 тамызға дейін жалғасатын әлем біріншілігіне 59 елден 457 жас татами шебері қатысып жатыр.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау саласын цифрландыру 10,6 млрд теңге негізсіз шығынның алдын алды