Головкин Қазақстан спортын дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді атады

instagram.com/olympickz
instagram.com/olympickz

ҰОК президенті Olympism 365 комиссиясының отырысына алғаш рет қатысты

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық олимпиадалық комитетінің (ХОК) Olympism 365 комиссиясының отырысына алғаш рет қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми іс-шара онлайн форматта өтіп, әртүрлі елдерден комиссия мүшелерін біріктірді, олардың қатарында ХОК президенттігіне үміткерлер лорд Себастьян Коэ және ханзада Фейзал әл-Хусейн де болды. Еске сала кетсек, Геннадий Головкин 2024 жылдың мамыр айында ХОК-тың Olympism 365 комиссиясының мүшесі болып тағайындалған еді.

Olympism 365 комиссиясы – спорт пен олимпиадалық құндылықтардың қазіргі қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған Халықаралық Олимпиадалық комитетінің стратегиялық бастамасы. Комиссияның басты мақсаты – спортты БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудің құралы ретінде пайдалану.

Комиссия ұзақмерзімді стратегияларды әзірлеу бойынша жұмыс істеп, спорттық денсаулық, білім, гендерлік теңдік және инклюзияның тұрақты дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, комиссияның қызметі бұқаралық спортты дамытуға және олимпиадалық құндылықтарды насихаттауға бағытталған серіктестікті нығайтуға көмектеседі.

“Қазақстан үшін Olympism 365 сияқты халықаралық жобаларға қатысу маңызды. Бұл спортты интеграциялау, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ елімізде олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады”, – деп атап өтті Геннадий Головкин.

Отырыста ХОК президенті Томас Бах Геннадий Головкинді комиссия мүшелеріне жеке таныстырып, оның жұмысына табыс тіледі.

Айта кету керек, Olympism 365 бағдарламасына қатысу Қазақстанда қолжетімді және инклюзивті спортты дамыту үшін әлемдік үздік тәжірибелерді қарастыру. Спорттағы әлеуметтік бірлікті, денсаулықты және теңдікті нығайту құралы ретінде пайдалану, тұрақты дамуға жол ашатын ХОК жобаларына қатысу, сондай-ақ әлемдік спорт аренасындағы позицияларды нығайту сияқты мүмкіндіктер береді.

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоров Гран-при финалына шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды

Новости партнеров