Қазақстан футзал құрамасы әлем чемпионын жеңіп, ширек финалға өтті

elements.envato.com
elements.envato.com

Ойынның бітуіне небәрі 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

26 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесіп, қазақстандық футзалшылар екеуінде де қарсыласына есе жіберген. 

Кездесу барысында 10-минутта қазақстандық Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, оған португалиялық Зикки 21-минутта бір голмен жауап қайырды.

Ойынның бітуіне небәрі 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соғып кетті.

Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. 

НҚазАқпаратәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.

Биыл әлем чемпионатында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғайды.

Қазірге дейін әлем чемпионатының ширек финалына Бразилия, Украина, Парагвай, Венесуэла құрамалары жолдама алды.

Сондай-ақ бүгін олардың қатарына 1/8 финалда Иранды 4:3 есебімен жеңген Марокко құрамасы қосылды.

Енді 27 қыркүйекте плей-офф сатысында Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия ойнайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Новости партнеров