Халықаралық жарыс Францияда 1-2 ақпан аралығында өтеді
Қазақстандық дзюдошылар Париждегі Grand slam турниріне қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыс Францияда 1-2 ақпан аралығында өтеді.
Аталған турнир ерекше маңызды болмақ, себебі дзюдошылар былтыр желтоқсан айының ортасында ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша бақ сынайды.
Оқи отырыңыз: Теннистен Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде жеңіліс тапты