Теннистен Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде жеңіліс тапты
Аlmaty.tv
Теннисшілеріміз Польша құрамасымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup командалық турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жартылай финалда біздің теннисшілер Польша құрамасымен кездесті.
Алғашқы ойында Александр Шевченко Хуберт Хуркачқа 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
"Кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекке қарсы ойында 6:7, 4:6 есебімен жеңіліс тапты", - делінген хабарламада.
Турнирлік маңызы жоқ соңғы кездесуде Жібек Құламбаева мен Александр Шевченко Майя Хвалиньска және Ян Зелински жұбына 4:6, 1:6 есебімен жол берді.
Оқи отырыңыз: Жұлдыз жорамал: 2025 жылы кімді қандай тосынсый күтіп тұр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40