Grand Slam турнирі: Әбиба Әбужақынова дзюдодан қола медаль жеңіп алды

02.05.2025 19:30

Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті

Аlmaty.tv

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Дзюдошы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Әбужақынова жартылай финалға дейін жетіп, Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді.

«Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, тиімді әдіс арқылы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап жеңіске жетті», - делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бірінші жарыс күнін бір медальмен аяқтады.

Оқи отырыңыз: Елімізде көкпардан республикалық жарыс басталды