Grand Slam турнирі: қазақстандық дзюдошы жартылай финалға шықты

ijf.org
ijf.org

Мағжан Шамшадин келесі жекпе-жекте франциялық Седрик Риволмен белдеседі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жартылай финалға жолдама үшін күресте 60 келіге дейінгі салмақта ол өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа қарсы тұрды. 

«Шамшадин қарсыласын таза жеңіп, жартылай финалға шықты. Келесі жекпе-жекте ол франциялық Седрик Риволмен белдеседі», - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, осы салмақтағы Дәурен Суюкенов ширек финалда Изнауру Сааевтан жеңілді (Ресей). Ол да Әбиба Әбужақынова секілді жұбаныш раундында бағын сынайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан – Словения матчы: Алматының спорт басқармасы үндеу жасады

Новости партнеров