Қазақстандық спортшылар 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды
Грекияда көркем гимнастикадан дәстүрлі X Афродита кубогы халықаралық турнирі қазақстандықтар үшін сәтті аяқталды деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан гимнастика федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық спортшылар 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Эрика Жайлауова көпсайысқа қоса лента жаттығуында 26.550 ұпаймен алдына жан салмаса, Милана Парфилова шеңбер сайысынан (26.650 ұпай) чемпион атанды.
Айым Мейіржанова көпсайыстан үздік үштікті түйіндесе, лента жаттығуында екінші нәтиже (25.700 ұпай) көрсетті.
Э.Жайлауова доппен жаттығудан күмісті еншілесе, топтық бәсекеде Астана командасы үздік шығып, шымкенттіктер екінші орынға көтерілді. Астаналықтар командалық тағы бір бәсекеде алтыннан алқа тақты.
Жастар арасында Ақмарал Ерекешева алтын мен күміс медальға қол жеткізсе, Айғаным Рысбек те жеңімпаз атанды.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!