Ислам ойындары: Қазақстан құрамасы гандболдан күміс жүлде алды

21.11.2025 19:42

Шешуші матчта Қазақстан мен Түркия құрамалары кездесті

Depositphotos.com

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) гандболдан әйелдер арасында финалдық бәсеке өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Шешуші матчта Қазақстан мен Түркия құрамалары кездесті.

Ойын тартысқа толы болды. Нәтижесінде Түркия құрамасы 34:31 есебімен жеңіске жетті. Ал Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Оқи отырыңыз: Ислам ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шебері жеңімпаз атанды