Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан құрамасы гандболдан финалға шықты

19.11.2025 19:48

Финалда Қазақстан Түркия құрамасымен кездеседі

Depositphotos.com

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Тартысқа толы жартылай финалда қазақстандық спортшылар Иран құрамасынан басым түсті.

«Ойын 28:25 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды», - делінген хабарламада.

Финалда Қазақстан Түркия құрамасымен кездеседі.

Оқи отырыңыз: Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан чемпионатта 180 жас спортшы бақ сынайды