Қазақстан дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

16.04.2026 16:22

Құраманың үш өкілі жүлдеге қол жеткізе алмады

International Judo Federation

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнін аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Финалдық кезеңге ұлттық құраманың үш өкілі жолдама алғанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады.

Қола медаль үшін Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан (60 келіге дейін) және Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) күресті.

Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа жол берді. Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтурға есе жіберді. Ал Серікбаев қытайлық Цзыян Сюуэйден жеңіліп қалды.

Оқи отырыңыз: Шоколадтағы құлпынайды қалай дұрыс таңдау керек