Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатында жеңіске жетті

23.11.2025 16:49

Соңғы матчта ұлттық құрама Жапонияны 4:3 есебімен жеңді

Depositphotos.com

Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Қытайдың Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы матчта ұлттық құрама Жапонияны 4:3 есебімен жеңді.

Бұған дейінгі екі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен еді. Алдымен Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтты, кейін Қытайды 5:1 есебімен тас-талқан етті.

Осылайша Қазақстан құрлықтық турнирде бірінші орынды иеленді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты