Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы алтынды жеңіп алды

22.07.2026 15:47

Эстонияда өтіп жатқан турнирде Валат Мусаев үздік шықты

t.me/olympickz

 

Қазақстан құрамасы Таллинде (Эстония) өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқу атудан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Турнир аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Валат Мусаев алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан (аралас жаттығу) үздік нәтиже көрсетті.

Ал Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэ екінші орын алса, финляндиялық Уильям Эрик Вилькман үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 26 шілдеде аяқталады.

Оқи отырыңыз: Халықаралық экономика олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды