Алматы халықаралық әуежайында Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында өткен Халықаралық экономика олимпиадасында (International Economics Olympiad, IEO 2026) ел намысын абыроймен қорғаған Қазақстан құрамасын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv
Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:
Әуежайда жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін жақындары мен әріптестері салтанатты түрде қарсы алып, халықаралық олимпиададағы жоғары жетістіктерімен құттықтады.
Бұл жетістік қазақстандық оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін және еліміздегі дарынды балаларды қолдау жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеп, Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіндегі беделін нығайта түсті.
Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық өнерпаздар «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде екі жүлде иеленді