Қазақстан құрамасы Орталық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

22.07.2026 17:58

Волейболдан турнир Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатыр

Depositphotos.com

Қазақстанның ерлер құрамасы Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Алғашқы ойында қазақстандық волейболшылар Непал құрамасын 3:2 (25:19, 25:21, 35:34, 19:25, 15:9) есебімен жеңді.

Ертең, 23 шілдеде, Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездеседі.

Турнир барысында жерлестеріміз сондай-ақ Шри-Ланка, Пәкістан және Бангладеш құрамаларына қарсы ойын өткізеді.

Оқи отырыңыз: Полицейлер судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады