Финалда отандастарымыз Сауд Арабиясы құрамасын 45:29 есебімен жеңді
Қазақстан семсерлесушілері Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұлттық семсерлесу федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сапы жаттығуынан Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходовтан құралған командамыз жарыс барысын бір деммен өткеріп, барлық қарсыластарын сенімді жеңді.
Алдымен жерлестеріміз Қырғызстанды 45:34 есебімен ұтса, жартылай финалда Оманға еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 45:26. Финалда да отандастарымыз Сауд Арабиясын 45:29 есебімен жеңді.
Айта кетейік, сапы жаттығуынан ерлер құрамасы биылғы әлем чемпионатында өз тарихында алғаш рет қола медальді иеленген еді.
Оқи отырыңыз: Ислам ойындарында қазақстандық джиу-джитсу шебері жеңімпаз атанды