Қазақстан тректегі велоспорттан халықаралық жарыста екі жүлде жеңіп алды

22.05.2026 11:39

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады

t.me/olympickz

Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Германияның Людвигсхафен қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Отандастарымыз омниум дисциплинасында жеңіс тұғырынан көрінді. Илья Карабутов күміс жүлдеге ие болса, Максим Хорошавин қола жүлдегер атанды.

Бұл бәсекеде Германия өкілі Мориц Аугенштейн алтын медаль жеңіп алды.

Оқи отырыңыз: Елімізде биылғы оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді