Қазақстандық 14 жастағы теннисші Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

03.05.2026 12:21

Ахмади Маханов Еуропалық теннис қауымдастығының «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» марапатына ие болған еді

Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Ахмади Маханов Чэнду (Қытай) қаласында мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors J60 сериясындағы доданың титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Финалдық кездесуде 14 жасар отандасымыз Қытай Тайбэйінің өкілі К. Маодан айласын асырды.

"Тартысты өткен матч 6:2, 6:4 есебімен Ахмадидің пайдасына шешілді", - деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Маханов Еуропалық теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) беделді «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» марапатына ие болған еді.

Бұл номинация еуропалық емес аймақтардан шығып, үздік нәтиже көрсеткен талантты теннисшілерге беріледі.

Оқи отырыңыз: Халықаралық рейстер: Қазақстанда әуежайларға қойылатын талаптар жаңарды