Қазақстандық балуан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

22.08.2026 11:53

Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады

t.me/olympickz

Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен жолықты.

Белдесудің қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Нацура Окадзаваға жол берді.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс медаль бар.

Оқи отырыңыз: Алты жылда елімізде тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

Толық көрсету