Қазақстандық балуандар көшпенділер ойындарында жүлделі орындарға ие болды
Almaty.tv
Расул Құрайыш – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Расул Құрайыш – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан (Эр-Эңиш) Қазақстан құрамасының спортшысы Расул Құрайыш 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.
Ақтық сында қырғызстандық қарсыласымен белдескен отандасымыз жеңіліс тауып, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Сондай-ақ VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Алыш күресінен қазақстандық спортшы Қожагелді Нұрсұлтан 3-орын иеленіп, ел қоржынына қола медаль салды.
Оқи отырыңыз: VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы 2 алтын медаль алды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43